Ресми гуманитарлық көмек аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Тәжікстан Республикасына 15 мың тонна мазут жеткізу туралы шешім қабылдады.
Айта кету керек, гуманитарлық жүктерді жеткізу «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің көмегімен жүзеге асырылады және даму, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірлік ынтымақтастыққа, сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстанның ғасырлар бойғы қарым-қатынастарына тән бауырластық пен өзара көмек көрсетудің көрінісі болып табылады.
Қазақстан тарапы Тәжікстанға ақшалай баламада қойған гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 2006 жылдан бастап шамамен 45 млн.құрайды.
ҚР СІМ «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Баспасөз қызметі