«KazAID» және «JICA» жер сілкінісі кезіндегі ережелер бойынша семинар өткізу мүмкіндіктерін талқылады

кездесу

«JICA» жапондық халықаралық агенттігінің өкілдерімен бірлескен семинарды Алматы қаласында ағымдағы жылдың сәуір айында өткізу жоспарлануда.

Бұл жоба төтенше жағдайларда өзін қалай дұрыс ұстау керектігі туралы тәжірибе мен білім алмасуға және ықтимал табиғи апаттарға дайындалуға бағытталған. Тәуекелдерді азайту және жақындарыңызға қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әрқайсымыз жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керектігін білу өте маңызды.

ҚР СІМ «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Баспасөз қызметі