Үлкен қалаларда жолаушылар тасымалы мен жол ережелерін реттеу қиынға соғып жатады. Мегаполисте жол оқиғалары мен құқықбұзушылықтың алдын алуда диспетчерлік қызметтер жұмыс жасайды. Үлкен қалаларда көлік санының көптігіне байланысты жол-көлік қатынастарын реттеу қиынға соғып жатады. Қала ішіндегі жолдарда жол-көлік оқиғаларын бақылауда, көлік кептелісін, жүргізушілердің құқық бұзушылықтарын алдын алуда мемлекеттік органдармен әр-түрлі іс-шаралар қолға алынған.
Осындай қызметтердің бірі қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 6 наурызында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан «Диспетчерлік қызмет орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын.
Мекеме қала аумағындағы қоғамдық көліктерге диспетчерлік қызмет көрсету, кестені сақталуын үздіксіз бақылау және маршруттар бойынша автобустардың және шағын автобустардың қалаларда, қала маңындағы үздіксіз және тұрақты қозғалысың қамтамасыз ету үшін жедел реттеу, сондай-ақ технологиялық процестегі көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалдауды үйлестіру болып табылады. Сонымен қатар жолаушылар тасымалы инфрақұрылымдарын жаңарту мен күрделі өзгерістерге байланысты қоғамдық көлік қозғалысы жобалары мен жүру сызбасын дайындаумен айналысады.
Қала аумағындағы көлік инфрақұрылымы құрылыс жұмыстарына байланысты , осы күнге дейін 1000-ға жуық сызба әзірленген.
Аталған мекемеге қатысыты тағы бір қызмет түрі – диспетчеризация.
Диспетчерлік бақылау жұмыстары толық автоматты басқару жүйесі арқылы іске асырылады. Операторлар қоғамдық коліктерде орнатылған GPS-құрылғылар арқылы нақты уақыт режимде үздіксіз берілетін ақпарат арқылы көліктердің бекітілген сызба бойынша жүруін, сызбадан тыс шығуы, GPS-құрылғыларының дұрыс жұмыс жасамауы секілді жағдайларды бақылайды. Көлік жүргізушісі жол ережесін бұзған жағдайда, орталық тарапынан басқармамен бірлесе қатаң шара қолданылады.