Сайрам ауданында облыстық «Дәстүрлі құндылықтар керуені» жобасы аясында көшпелі жиын өтті.
Көшпелі керуеннің мақсаты – жастарды дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыру және дәстүрлі құндылықтарымызды дәріптеу, керағар ағымдардан хабардар ету және де шетелде діни білім алудың қауіпті екені туралы ақпараттандыру.
Аталған жоба облыс әкімі Д.Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыстық дін істері басқармасы тарапынан ұйымдастырылды.
Кездесуге Түркістан облысы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетінің профессоры, теология ғылымдарының докторы Кенжетай Досай Тұрсынбайұлы, спорт комментаторы, дзюдодан мемлекеттік жаттықтырушы Қонысбаев Жандос Абумуталифұлы және дзюдодан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ерғали Шәмей арнайы келді. Манкент және Қарабұлақ ауылында өткен жиынға зиялы қауым өкілдері, мешіт имамдары мен мектеп директорлары, колледж студенттері мен медицина, білім салаларының қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты.
Кездесуде көптеген маңызды ақпараттар берілді. Діни ағымдардың нені көздейтіндері егжей-тегжейлі айтылып, барынша түсіндірілді.
Іс- шараға қатысқан аудан тұрғындары да өз ойларын ортаға салып, келген қонақтарға алғысын білдірді.