Қоғамдық кеңесте ауданның мәселелері қаралды

Сайрам ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынды Қоғамдық кеңестің бюджет және экономикалық даму, жергілікті өзін-өзі басқару және ауыл аумақтарды дамыту жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы С.Сағындықов ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, есеп беретін бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:

1. «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» коммуналдық мекемесін қайта атау туралы» қаулы жобасына қорытынды беру туралы.

2. «Сайрам ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 қарашадағы №443 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасына қорытынды беру туралы.

3. «Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» 2021 жылғы 4 мамырдағы №3-20/VII шешімінеөзгерістер еңгізу туралы» шешім жобасына қорытынды беру туралы.

4.Сайрам ауданы мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі №25-150/ VII «Сайрам ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасына қорытынды беру туралы.

Күн тәртібіндегі төрт мәселені де Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.Сарыбеков ақпарат беріп, таныстырды.

Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.