Қала прокуратурасы уәкілетті органдар және полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізіп, бірқатар заңсыз қоқыс орындарын анықтады.
Қалалық прокуратураның қадағалау актісі бойынша жергілікті атқарушы органмен 15-тен астам қоқыс үйінділері жойылып, 20 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.