Астана қаласы прокуратурасының бастамасымен елорда әкімдігінің және «Senim» қоғамдық қорының қатысуымен отырыс өткізілді

Елорда прокуратурасы профилактикалық жұмысқа баса назар аударады, атап айтқанда кәмелетке толмағандар арасында есірткі қабылдауға қарсы күреске, олардың  жыныстық тиіспеушілігіне және мектептегі буллингке қатысты.

Отырыс барысында қоғамдық қор балалардың қауіпсіздігі мен олардың психологиялық денсаулығына қатысты жобаның презентациясын  өткізді.

Отырысқа қатысушылар балаларға қатысты қылмыстардың профилактикасына қатысты бірлескен жоба дайындады.

Отырыс нәтижесімен балалар қауіпсіздігі мен жасөспірімдер қылмысының профилактикасын қамтамасыз ету үшін жоспарланған іс-шараларды бірігіп жүзеге асыру жоспарланды.