Мемлекеттік айыптаушы абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған дәстүрлі емес шығыс медицинасымен айналысқан сотталғанның кінәсін дәлелдеді.
Сотталған тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ медициналық қызметпен айналысқан.
Ұйқылық шағымымен клиникаға жүгінген жәбірленушіге, Қазақстан Республикасында лицензияланбаған препарат инъекциясы енгізіліп, содан кейін оның әл-ауқаты күрт нашарлаған.
Науқас есін жимастан біраз уақыттан кейін қайтыс болды.
Сараптаманың қорытындысы бойынша өлімнің себебі анафилактикалық шок болды.
Сот үкімімен кінәлі адам медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, сотталды.
Прокуратура азаматтарды осы қызмет түрімен айналысуға тиісті рұқсаты жоқ адамдарға медициналық көмекке жүгінбеуге шақырады.
Астана қаласының прокуратурасы