Құрметті қазақстандықтар! Ардақты жерлестер!
Сіздерді ұлттық мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекені біртұтас еліміздің берекесі мен бірлігінің, әрбіріміздің туған өлкемізге деген шексіз сүйіспеншілігіміздің нышаны деп білемін. Он үш жылдан кейін қайта жаңғырған мереке ұлт рухын оятып, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа келбетін ашты.
Қазақстан бүгінде – болашағына үлкен сенім артқан мемлекетке айналды. Ел дамуының қай саласын алып қарасақ та жетістіктерді тізбектеп айта аламыз. Шымкент медицинасы тәуелсіздік жылдар ішінде қарыштап дамыды. Ұлт саулығын сақтауда атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесінде емхана мен ауруханалар саны артып, сапалы медициналық қызмет көрсету жанданды, дәрігерлік көмек алудың қолжетімділігі жақсарды. Қазіргі таңда жаңа инновация, жаңа технология, білікті дәрігерлердің арқасында мегаполис медицинасы жаңа дәургі қадам басып отыр.
Атап айтқанда, 2019 жылмен салыстырғанда емханалардың орташа жүктемесі 34 мыңнан 22 мыңға азайған, ауруханалардың төсек орын саны 3376-дан 4383-ға артқан.
Өлім-жітім көрсеткіштері бойынша: 17%-ға жалпы өлім көрсеткіші төмендеген; 26%-ға қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім төмендеген; 5%-ға қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім төмендеген.
«Дені сау ұлт» жобасының Шымкент қаласында 2023 жылғы 9 айдың қорытындысымен белгіленген 12 индикатордың барлығын орындауға қол жеткізілді.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Шымкент қаласына 200 орындық перзентхана салынады. Перзентхананың жобалық-сметалық құжаттамасы биыл аяқталады. Биыл 800 орындық Университеттік клиниканың жер құрылысы жұмыстары басталып, 2026 жылға пайдалануға берілу жоспарлануда.
Биыл қалалық балалар ауруханасында төсек саны 495-ке дейін ұлғайтылып, алғаш рет қалалық балалар клиникалық ауруханасында эпилепсия ауруына шалдыққан балаларға нейростимулятор отасы жасалды.
— 2023 жылғы шілде айында Шымкентте алғаш рет жүрек трансплантациясы және 10 LVAD отасы жасалды;
— эндокринологиялық төсек орын 15-тен 40-қа дейін ұлғайтылды;
— 16 медицина мамандары шетел клиникаларында Израиль елінде және ҚР аумағында 1762 медициналық қызметкер біліктілігін арттырды, 2023 жыл соңына дейін 30 маман шетелде оқыту жоспарлануда;
— №1 ҚКА қан-тамыр және интервенттік рентгенхирургия бөлімшесі ашылды;
№ 6 ҚЕ «Үздік тәжірибелік орталық» ашылды.
Осындай айтулы жетістіктерге егемендігіміздің арқасында қол жеткіздік.
Баршаңызды еліміздің басты мерекесі Республика күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!
Егеменді еліміздің мәртебесі биіктей берсін!
АСЫЛБЕКОВ НҰРЛЫБЕК АБИБУЛЛАҰЛЫ,
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы