Қазақ халқында «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген терең мағыналы сөз бар. Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, діни сауатты болуға, заң аясында жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын – отбасындағы тәрбиенің маңызы зор. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз.
Осы тұста Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен аудан жастары арасында деструктивті ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау және дін саласындағы Республикаға танымал тұлға дінтанушы, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Сарыағаш медресе-колледжінің директоры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы қатысуымен А.Исмаилов атындағы кәсіптік, Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледж студенттерімен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс шараның мақсаты жастар арасында ауызбіршілік пен ынтымақты насихаттап, жат әрекеттерден бойын алыс ұстау.
Кездесуде колледж студенттеріне теріс діни ағымды уағыздаушылар, әлеуметтік желідегі діни экстремисттік және террористтік белгілері бар парақшалар мен контенттерден сақтандыру бойынша танымдық ақпараттар берілді.
Іс-шара соңында, тақырыпқа байланысты студенттер мен ұстаздар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, сала мамандары тиісті жауаптарын берді.