Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесті
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесті.
2021 жылы 15 ақпан күні Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты әкімшілік аумақтағы тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге Шымкент қаласы ПД Қаратау ауданы Полиция басқармасының бастығы Арман Тленшин, ӘПБ, ЖПҚ басшылықтары, жеке құрам мен қала тұрғындары қатысты. Жиынға қатысқан қала тұрғындары полиция басшысына өз көкейлеріндегі сұрақтарын жолдап, нақты жауаптармен қанықты. Полиция қызметкерлері тұрғындарға аулаларды бейнебақылау орнату бойынша ақпараттық брошюраларды таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында «Таза қала» акциясы бойынша әркім өз ауласын таза ұстаса, әрбір қала тұрғыны қоқыс тастамаса, қаламыз көркейе түсетіні сөзсіз екені ерекше атап өтті. Сондай-ақ, жасанды жол кедергілерін орнату, жарықтандыру, бейнекамералар бойынша ұсыныстар жасалып, әкімшілікке хат бірлесе жолданатын айтылды.
Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар арасынан қоғамдық көмекшілер сайланып, құқықбұзушылықтардың алдын алуға өз септігін тигізетіні жайлы сөз болды. Кездесуге келген зейнеткерлер мен жастар, сондай-ақ, әйел азаматшалар да қоғамдық көмекші болуға қызығушылық танытты.
Шымкент қаласы ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетов әрбір қозғалған мәселелердің шешімі таппайынша бақылауда болатынын айтып, қарамағындағы қызметкерлеріне нақты тапсырмалар тапсырды.
Сараптамаға назар салсақ, аталған аумақта жыл басынан тіркелген 13 пәтер ұрлығының 9 жайты ашылып, қылмыскерлер ұсталған. Ал өткен жылы 19 пәтер ұрлығының 14 жайты ашылған болып тұр.
«Аталған ықшам ауданда 2007 жылдан бері тұрамын. Генерал мырза Сіздің арқаңызда менің балама қатысты алаяқтық жайты ашылды. Осындай әділ, әрі адал, қара халықтың жан айқайын тындайтын генерал мырза Сізге рахмет»-деп атап өтті Сайдынгүл Асан.
Кездесу барысында генерал мырза күнделікті кешкі уақытта ауданды 10 экипаж аралап жүретінін атап өтті. Шымкент қаласы Қаратау аудандық жергілікті тұрғындардың тарапынан айтылған мұң-мұқтаж тыңдалып, көкейтесті мәселелер талқыланды. Қарапайым халықтың полиция басшысына қойылған сұрақтарына дер кезінде жауаптар алынып, кейбір мәселелер жуырда өз шешімін табатынына уәде берілді.
Шымкент қаласының ПД