Полициясы заңсыз қару сатып алу акциясын бастайды

Сәуірдің 20-сынан бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша жыл сайынғы акция басталады деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында өткізілген брифинг барысында мәлімденді. Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Алмас Тастанбеков облыс тұрғындарында бар заңсыз қаруларды ақшалай сыйақыға өткізуге мүмкіндік барын түсіндірді.

«Әкімшілік полиция қызметкерлерімен жыл басынан бері 3 рет «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның соңғысы 5-8 сәуір аралығында ұйымдастырылып, 4 тәулікте облыста 18 аңшы қаруы тәркіленді. Сондай-ақ 3200-ден астам қару иелері тексеріліп, 160 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Дер кезінде анықталған құқықбұзушылықтарға сәйкес хаттамалар толтырылды. Ал сәуірдің 20-сы күнінен бастап, облысымызда халықтан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу туралы арнайы акция өткізілмек. Мемлекет тарапынан осы үшін біздің облысқа тиісті қаржы бөлініп отыр. Сондықтан, жергілікті тұрғындар қолдарыңызда еш жерде тіркелмеген қару түрі болса, бізге өткізіп, сыйақыға ие болсаңыз болады»,-деді Полиция полковнигі өз сөзінде.

Қолжетімді полиция қағидатын қалыптастыру үшін, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылып тұратын болады. Айта кетейік, департамент тікелей эфир арқылы әр аптаның жұма күні жиын өткізеді. Онда ПД-нің әрбір салалық құрылым басшылары тікелей эфирге шығып, өздерінің басқарма, бөлім қызметкерлерімен атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларын ашық, әрі нақты айтып өтуде.

Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты комиссия шешіміне сәйкес сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген. Сыйақы төлемі қару-жарақ заттарын тапсырған адамдардың шотына аудару арқылы жүзеге асырылатын болады.

Ерікті түрде тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершікке тартылудан босатылады.

До 100 МРП можно получить за добровольную сдачу оружия в Туркестане

20 апреля полиция города начинает ежегодную акцию по приобретению у населения незаконно хранящегося огнестрельного оружия, боеприпасов и взрывчатых веществ передает пресс-служба акима Туркестанской области.

Об этом сообщили на брифинге на официальных соцстраницах Департамента полиции Туркестанской области.

Начальник Управления административной полиции Департамента полиции, полковник полиции Алмас Тастанбеков пояснил, что жители области могут сдать незаконное оружие за денежное вознаграждение.

«Сотрудники административной полиции с начала года трижды проводили оперативно-профилактические мероприятия “Оружие». Последний раз, с 5 по 8 апреля, в области изъяли 18 единиц охотничьего оружия. Также проверили более 3200 владельцев оружия, выявили 160 административных правонарушений и составили по ним протоколы. А с 20 апреля в регионе начнется специальная акция по приобретению у населения незаконно хранящегося огнестрельного оружия, боеприпасов и взрывчатых веществ. Для этого государство выделило соответствующие средства. Поэтому, если у местных жителей есть на руках незарегистрированный вид оружия, его можно передать нам и получить вознаграждение», — отметил в своем выступлении полковник полиции.

Для формирования доступной полиции такие мероприятия будут проходить и в дальнейшем. Отметим, что в прямом эфире Департамент еженедельно проводит пятничные совещания. Руководители каждой отраслевой структуры ДП выходят в прямой эфир, открыто и четко рассказывают о проделанной работе и дальнейших планах со своими сотрудниками управления и отдела.

За добровольную сдачу на каждую единицу оружия, в зависимости от его технического состояния, по решению комиссии предусмотрена выплата в размере от десяти до ста месячных расчетных показателей. Вознаграждение будет перечислено на счета лиц, сдавших предметы вооружения.

Лица, добровольно сдавшие незарегистрированное огнестрельное оружие, боеприпасы и взрывчатые вещества, освобождаются от уголовной и административной ответственности.