Еңбек адамы- елдің мақтанышы

елдің мақтанышы

Кітапханашы профессиясы – мәдениеттің, білімнің маңызды бір бөлігін алып жүрген мамандық. Кітапханашылар әрқашан қоғамның ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандырып, азаматтарға кітап, мерзімді басылымдар, электронды ресурстар арқылы білім беру қызметін көрсетуде.

Мырза Сандуғаш Құрманханқызы 1980 жылы 5 мамыр айында Түркістан облысы, Арыс ауданы, Ақдала елді-мекенінде дүниеге келді. 1999 жылы «Халықаралық Қазақ Араб» университетіне түсіп, 2005 жылы «Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі» мамандығын тамандады.

2005 жылы Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіндегі №24 кітапхана бөлімшесіне ІІ категория кітапханашысы қызметіне қабылданды.

2012 жылы Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің №6 кітапхана бөлімшесінің меңгеруішісі қызметін,

2023 жылдың ақпан айынан бастап 2024 жылдың ақпанына дейін «Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» КММ директорының орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі таңда, Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі №5 кітапхана бөлімшесінің жоғары дәрежелі кітапханашысы қызметін атқарады.

Сандуғаш заманауи кітапханашылар ақпараттық технологияларды меңгеру, жаңа бағдарламалар мен ресурстарды пайдалану, электронды кітапханалар мен дерекқорлармен жұмыс істеу қабілетіне ие. Өзінің білімін жетілдіріп, кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында түрлі семинарларға, тренингтерге, конференцияларға қатысады.

Кітапханашы қызметі — бұл тек кітап жинау емес, сонымен қатар қоғамның білім беру деңгейін арттыру, мәдениетті дамыту және ақпаратты демократизациялау болып табылады. Бұл мамандық ұлттық мүдделерді қорғау мен дамытуға, ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге және халықтың білім деңгейін көтеруге бағытталған.

Кітапханашыларға деген құрметіміз бен алғысымыз шексіз. Олар қоғамның прогресіне үлес қосып, келешек ұрпақтың білім негізін қалыптастыруда орасан зор еңбек етеді.

Сандуғаш, еңбегіңіз әрі қарай да жана берсін!