Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионаты өтуде

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионаты биылғы жылы Қазақстан Республикасында өткізілуде. Бұл спорт түрі бойынша Әлем чемпионатын қабылдау мәртебесіне Қарағанды қаласы ие болды. Ағымдағы жылы 1-6 қыркүйек аралығында 10 мемлекет арасында өрт сөндірушілердің кәсіби спорты бойынша чемпионат өтуде. Қазақстан Республикасының қыздар құрама командасында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 3 спортшы қыздарымыз өз шеберлігін көрсетуде.2021 жылғы 2 қыркүйекте осы чемпионатта қыздар командалары арасында оқу мұнарасының екінші қабатына шығу жарыстары өтті. Қыздарымыз жалпы командалық есепте өрт сөндіру-құтқару спортының оқу мұнарасына шығу түрінен 3 орынға ие болды. Қыздарымызды құттықтай отырып, әрі қарай сәттілік тілейміз!

Шымкент қаласы ТЖД