«Еңбек күні» мерекесінде жастарға да құрмет көрсетілді

Еңбек күні

Жоспарға сәйкес, «Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы — Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы мен басқарма басышысы Оңғар Әбілқайыр Бақытқалиұлы және кәсіподақ төрағасы Мусабай Ержан Сапарбекұлы бірге ұжым мүшелерімен кездесу өткізіп, олардың жұмыстарымен және кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.

Қорытынды жиынында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы басқарма қызметкерлерін қыркүйек айының соңғы жексенбісі «29 қыркүйек — Еңбек күнімен» және алда келе жатқан «10 қазан — Қазақстан кәсіптік одақтары күні» мерекесімен құттықтап, бірнеше кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен кәсіподақ төрағасы Мусабай Ержан Сапарбекұлы, ал «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгілерімен басқарманың бөлім басшылары Опабек Әуесбек Әзбердіұлы, Оразымбет Мейрамбек Жумабекұлы, Сейтжанов Мұхамеджан Бекмахамбетұлы, филиалдың «Құрмет грамоталарымен» басқарманың бас мамандары Сейтжанов Мұхамеджан Бекмахамбетұлы, Алматов Бақытжан Дилмукаммадуғлы мен маманы Сейтбеков Нурмахамбет Талғатұлы, сондай-ақ филиалдың «Алғыс хаттарымен» басқарманың бас маманы Сапарбай Нұрқожа Серикбайұлы мен мамандары Қуаныш Айдос Даулетбекұлы, Абдулла Исатөре Бауржанұлы марапатталды.

Жиын соңында басқарма басшысы Әбілқайыр Бақытқалиұлы «Қызмет» салалық кәсіподағының атына шынайы алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.