Жамбылдық полицейлер жүргізушілерге шок терапия жасады

Жамбылдық полицейлер

Жыл басынан бері Жамбыл облысының аумағында 449 жол-көлік оқиғасы болды. Онда 51 адам қаза тауып, 694 түрлі жарақаттар алды. Статистикалық талдау көрсеткендей, ЖКО-ның 97 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болған. Негізгі себептер — жылдамдық режимінің асып кетуі және көлік жүргізу кезінде ұйықтап кету, қарсы жолға шығу жағдайлары болуда.

Жамбылдық полицейлер жүргізушілердің назарын осы мәселеге аударып, «Шок терапиясы» акциясын өткізді. Республикалық автожолдарда патрульдік полиция экипаждарының сүйемелдеуімен жол апатынан зақымдалған автокөлігі бар эвакуатор жүріп өтті.

Осылайша, полиция автокөлік иелерін көлік жүргізу кезінде сергек болуға шақырды. Тәртіп сақшылары жүргізушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы айтты.

Жол қауіпсіздігі – біздің ортақ мәселемiз. Сіз тәжірибелі жүргізуші немесе жаңадан көлік басқарып бастаған болсаңыз да қайғылы жағдай кез-келген адаммен және кенеттен болуы мүмкін. Немқұрайлылықпен қарау және жол ережелерін бұзу қайғылы нәтижелерге әкеледі. Бұл акцияның мақсаты — жүргізушілерді қорқыту емес, ой салу болып табылады.

Жамбыл облысы ПД