2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарды орындау мақсатында Жамбыл облысының Полиция департаменті ЕҚҚІБ қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы граффити- жазуларды жою мақсатында «Біз есірткіге қарсымыз» атты іс- шараны ұдайы ұйымдастырады.
25 қыркүйекте Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен осындай кезекті іс-шара өтті.
Ағымдағы жылдың басынан бері қала бойынша барлығы 205 жазба жойылды.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері «Тelegram» әлеуметтік желісінде жұмыс жасайтын сайттарға мониторинг жұмыстарын күнделікті жүргізеді. Осылайша 670 интернет-сайт анықталды. Қазіргі таңда арналар бұғатталды, сайттар мен жазбаларды орналастыруға қатысы бар адамдарды анықтап, ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
-2020 жылғы 11 қаңтарда заңды күшіне енген Қазақстан Республикасы ҚК-нің 299-1-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша граффити-жазбалар жазғаны және компьютерлік желілерде көрсетілген мәліметтерді таратқаны үшін жаза қарастырылған. Есірткі заттарын өткізу бойынша жазба қалдырған тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген, осы баптың диспозициясына сәйкес, 5 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, ал жалпы білім беретін мекемелерде есірткі заттарын сатқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан шектеу жазасы көзделеді, — деп атап көрсетті облыс ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Жедел ден қою және заңды шаралар қабылдау мақсатында, егер Сізге есірткі және психоактивті заттарды сақтау, өткізу, жарнамалау деректері, сондай-ақ осыған қатысты тұлғалар белгілі болса, «Narko Shekteu Taraz» анонимді Telegram-боты арқылы немесе «102»нөмірі бойынша кідіртпей хабарлауды сұраймыз.
Анонимділік пен құпиялылыққа кепілдік беріледі.
Жамбыл облысы ПД