Ағымдағы жылдың 11 айында табиғат қорғау полициясының бөлімшелері табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және экологиялық құқық бұзушылықтарды ашуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырды.
Жыл басынан бері Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 900-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық деректерін анықтады, оның ішінде:
— жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу-319 дерек;
— балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу – 219;
— жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу — 57;
– иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бұзу-59;
— қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу – 199;
— жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы-42.
Сондай-ақ, аталған кезеңде 26 қылмыстық іс қозғалды.
Олардың арасында:
— жер қойнауын өз бетінше пайдалану – 2;
— сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану-3;
— заңсыз аң аулау-4;
— қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру-10;
– ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау-6;
— балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау-1.
Егер, Сіз табиғат қорғау заңнамасын бұзу деректерінің куәгері болсаңыз, «102» байланыс арнасы бойынша полицияға немесе өз ауданыңыздың полиция бөліміндегі кезекшіге хабарласа аласыз.
ЖО ПД баспасөз қызметі