Жамбыл облысында бір тәулік ішінде 700-ге жуық Жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталды

Жамбыл облысының аумағында 2021 жылдың  23 тамызы  мен 4 қыркүйегі аралығында республикалық кең көлемді  «Құқықтық тәртіп» және облыстық «Қауіпсіз жол»жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізіледі деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі .

Осыған байланысты, жоғарыда аталған жедел- алдын алу іс-шараларын өткізуге қатысты  әлеуметтік желілерде барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдері мен жол-патрульдік полиция бөліністерінің бейнежазбалары  орналастырылды.

Жамбылдық  полиция қызметкерлерінің  үйлесімді және  мақсатқа бағытталған  жұмысының  нәтижесінде  облыс аумағында алғашқы тәулікте ешқандай  жол-көлік оқиғасы орын алған  жоқ.

Тәртіп сақшылары 700-ге жуық ЖҚЕ бұзушылықты анықтады, оның ішінде ҚР ӘҚБтК баптары бойынша:

— 608-бап бойынша (көлік құралын мас күйінде басқару) – 9 дерек– он бес тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған);

— 612-баптың 3- бөлімі (КҚ басқару құқығынан айырылған басқаруы) — 3дерек-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе он тәулікке әкімшілік қамауға алу көзделген;

— 590-баптың  9-бөлімі  бойынша (техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару) – 44 дерек;

– 591-бап бойынша (ұялы телефонды пайдалану) – 49 дерек;

— 593-бап бойынша (қауіпсіздік белдігін тақпау бөлігінде) – 96 дерек;

– 595-бап бойынша (маневр жасау ережелерін бұзу) – 42 дерек;

— 596-бап 3- бөлімі (қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу) – 3 дерек;

– 599-бап бойынша (бағдаршамның тыйым салатын  белгісіне жүріп кету) – 21 дерек;

– 600-бап бойынша (жаяу жүргіншілерге  басымдық  бермеу) – 14 дерек;

– 606-бап бойынша (апаттылық жағдай жасау) – 11 дерек;

— 612-баптың  1 – бөлімі  бойынша (КҚ басқару құқығы жоқ құжаттарсыз басқару) – 30 дерек;

– 615-бап бойынша (жаяу жүргіншілердің ЖҚЕ бұзуы) – 89 дерек;

— 24 көлік құралы арнайы  тұраққа  қойылды.

Қазіргі таңда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғау бойынша қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті.

Полиция қызметкерлері барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде, әсіресе тәуліктің қараңғы мезгілінде  және қолайсыз ауа райы жағдайында аса мұқият және қырағы  болу қажеттігін ескертеді. Жол- көлік оқиғаларының алдын алуда жол  қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау маңызды. Барлық жол қозғалысының  қатысушылары  олардың  өмірі мен денсаулығы өз қолдарында екенін түсінуі керек.