Полиция қызметкерлері 2022 жылдың қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қарулардың орналасқан жерін анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 14-22 наурызы аралығында Жамбыл облысының аумағында 26 қару, 400-ден астам түрлі калибрлі патрон мен арнайы құралдар табылып, тәркіленді.
Олардың ішінде Калашников автоматтары, карабин, мылтық, травматикалық тапанша, револьвер, Макаров және Кольт тапаншалары, ойық және тегіс ұңғылы мылтықтар бар.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері 7,62 мм, 9 мм калибрлі және травматикалық патрондар, қорғаныс жилеті, каскалар және дүрбі тәркіледі.
Табылған қару-жарақтарға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адамның, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді. Анонимділікке кепілдік беріледі.
ЖО ПД баспасөз қызметі