Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов өңір тұрғындарына онлайн-режимде атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
Бұл туралы ол өзінің фейсбук парақшасында жазды.
«Бүгін облыс тұрғындарымен онлайн-форматта есеп беру кездесуін өткіздім. Жамбылдықтар фейсбук және инстаграм әлеуметтік желілерінде маған сұрақтар қойды. Шамамен бір сағатқа созылған тікелей эфирге 3000-ға жуық адам қатысты.
Азаматтарды 2020 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындыларымен таныстырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және өңірдегі қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар еттім.
Тұрғындардан 100-ден астам өтініш түсті. Олар негізінен қалта ұрлығы, интернет-алаяқтық, жол қауіпсіздігі, учаскелік полиция инспекторларының жұмысы, сондай-ақ әкімшілік заңнамаларға қатысты болды. Кейбір сұрақтарға жауаптар тікелей эфир барысында берілді. Қалған сауалдар зерделеніп, өтініш берушілерге міндетті түрде толық жауаптар берілетін болады» — деп атап өтті Ж. Сүлейменов.
Начальник ДП Жамбылской области провёл отчётную встречу перед населением
Начальник Департамента полиции Жамбылской области Жанат Сулейменов провёл отчётную онлайн-встречу перед населением передает пресс-служба Департамента полиции Жамбылской области.
Об этом он сообщил на своей странице в Facebook. «Сегодня в онлайн-формате я провел отчетную встречу с жителями нашего региона. Жамбылцы задавали вопросы в социальных сетях Facebook, Instagram. Прямой эфир, который длился около часа, посмотрели около 3000 человек.
Проинформировал граждан об итогах оперативно-служебной деятельности за 2020 год, принимаемых мерах по профилактике правонарушений, охране общественного порядка и борьбе с преступностью в регионе.
От жителей поступило более 100 обращений. В основном, они касались карманных краж, интернет-мошенничества, дорожной безопасности, работы участковых инспекторов полиции, административного законодательства. На некоторые вопросы ответы были даны в ходе прямого эфира. Остальные вопросы будут изучены, заявителям обязательно будут даны подробные ответы», — написал генерал-майор полиции.