Жамбыл облысының ПД бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов өзінің Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі істер органдарына кадрлар даярлау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 16-18 қараша аралығында Б.Бейсенов атындағы Қарағанды ІІМ академиясы базасында «ҚР ІІМ-нің үздік тергеушісі, анықтаушысы және криминалисі»республикалық слет-байқауы өткенін хабарлады.
Үздік полиция қызметкері дәрежесі үшін барлық өңірлердегі Полиция департаменттерінің 58 қызметкері бақ сынады.
Байқау қорытындысы бойынша «Үздік криминалист» номинациясында бірінші орынды Жамбыл облысының ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалисі полиция капитаны Ержан Өтебаев жеңіп алды, Оған Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атынан алғыс хат, диплом, «Алғыс» марапат мүсіншесі және кәсіби фотоаппарат табыс етілді.
⁃ Ержан Өтебаев Жамбыл облысының Полиция департаменті өз ісінің нағыз шеберлері, кәсіби мамандар жұмыс істейтінін дәлелдеді, — деп атап көрсетті Жанат Сүлейменов.
Жамбыл облысының ПД бастығы оған Алғыс хат пен ҚР ІІМ-нің логотипі бар қол сағатын табыс етті.
Бұл күні Жанат Сүлейменов сондай-ақ дактилоскопиялық зерттеулер мен суық қаруды зерттеу әдістемелері бойынша емтиханды өте жақсы тапсырған Жамбыл облысының ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлерімен кездесіп, құттықтады. Емтиханды ҚР ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің біліктілік комиссиясының қызметкерлері қабылдады. Жамбылдық криминалистер өзге өңірлерден келген қызметкерлер арасында үздік нәтиже көрсетті.
ЖО ПД баспасөз қызметі