Шымкенттік полицейлер алаяқтықпен айналысқан азаматты анықтады

2021 жылдың 10-тамызында Әл-Фараби АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі. Ол өз арызында, өзінің танысы пәтер алып беремін деп, 400.000 теңге ақшасын алып, одан бөлек қызына мүгедектік құжатын шығарып беремін деп, 120.000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен алдап алып кеткендігін жазып көрсеткен. Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлерімен жедел іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге шақырады.