Жастар арасындағы құқық бұзушылық мәселелері

Құқықтық мемлекетті қалыптастыру халықтың құқықтық мәдениетін дамыту процесімен тығыз байланысты. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық тұрғыдан сауатты мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері. Қоғамдағы қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күресуі бағытындағы жаңа жүктемелерді толығырақ таныстыру құқық қорғау органдарының міндеті . Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау  маңызды мәселелердің бірі. Оқу жылы барысында ұжымға және мектеп оқушыларына құқықтық білім беру мақсатында мектепте жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізіледі. Соған орай құқықтық оқыту барысында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер (заңдар) бойынша сабақтар, дөңгелек үстел және пікір талас өткізіледі. Жалпы, мұндағы мақсат жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру.

Қала прокуратурасының бастамасымен №19 Төлеби атындағы, №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназия және №24 М.Шоқай атындағы жалпы орта мектептерінде кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылықтың және жазатайым оқиғалардың алдын-алу мәселелері бойынша ата-аналардың қатысуымен кездесулер өткізілді.

Аталған іс-шараларға қала прокуратурасының бөлім бастығы М.Жүсіпбай, бөлім прокуроры Б.Жумабаева, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы О.Қолдасова мен жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары А.Тоқбергенов, ювеналды полиция тобының қызметкері Е.Асанов және мектеп ұжымы қатысты. ​

Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың өз-өзіне қол жұмсауы, отбасыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, ата-аналарға құқықтық және ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осындай кездесулер қала аумағында орналасқан барлық мектептерде ата-аналардың қатысуымен өткізіледі.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құрылған мобильдік топтар әрбір мектеп бойынша бекітіліп жұмыс істейді.

Сонымен қатар, балалардың қатысуымен немесе оларға қатысты орын алған құқық бұзушылықтар бойынша 8-702-845-54-24 сенім телефонына хабарласуды ұсынамыз.

Ntime.kz