«Жасұлан» мектебінде оқушылармен кездесу өтті

Елімізде қоғамның дамуында халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениеті өте маңызды. Құқықтық сауатты мемлекет болуымыз үшін –құқықтық тәрбиелі жастарды өсіруіміз керек. Сонда ғана құқықтық мәдениетінің  деңгейі жоғары елге айналамыз.

Құқық бұзушылық –бұл қоғамға қарсы әрекет. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру  өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді. Халықты құқықтық сауаттандыруда,олардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін құқықтық органдармен көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы «Жасұлан» мектебінде оқушылармен кездесу өтті.

Іс-шарада Абай АПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция майоры Жандос Иргебаев балаларға құқықтық сауатттылығын арттыру бойынша сабақ өткізді. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді.

Полиция майоры қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.