Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында облыстық және республикалық телеарналардың қатысуымен қаладағы 17 ірі сауда үйінің және 12 базардың өкілдерімен кездесу өткізілді.
Онда қала кәсіпкерлеріне, жеке және заңды тұлғаларға жаңа жылдық мереке қарсаңында пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатуда белгіленген ережелерді қатаң сақтауын бақылау туралы айтылды.