Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Шымкентте Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Қажымұхан атындағы орталық стадионының» аумағында жергілікті тауар өндірушілер, шаруа қожалықтар мен көтерме сауда қызметімен айналысатын кәсіпкерлердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Жәрмеңке 30 желтоқсан күні таңғы 09:00-ден 15:00-ге дейінгі аралықта өтеді.
Жәрмеңкеде жемістер, көкөністер, ет өнімдері, сүт өнімдері, кондитерлік бұйымдар және тағы да басқа түрлі азық-түлік өнімдері қолжетімді бағамен ұсынылатын болады.
Құрметті қала тұрғындары және қонақтары, қажетті азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен алып, Жаңа жыл мерекесіне дайындықты бастауға мүмкіндік беретін ерекше шарадан қалыс қалмаңыздар!
Келіңіздер, таңдау мүмкіндігі мол!
