Өз ісінің шебері — жігерлі жас маман

Сабина

Құрметті оқырман сіздерге арнайы жазылған бүгінгі мақала «Арпа ішінде бір бидай» болған сымбатты қызымыз Сабина туралы болмақ. Өрт сөндірудің ауырлығына орай елімізде әйел адамдар өрт сөндіруші-құтқарушы және өрт сөндіру автокөлігін жүргізуші қызметкері болып қызмет атқармайды. Алайда өрт сөндіру бөлімінде тек қана ер адамдар жұмыс жасап, қайсарлық көрсетіп, бар абыройды иемденбейді.

Бүгінгі күні сіздерге ерекше лауазым иесі, өзін ерекше көрсете білген №4 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі азаматтық қорғау кіші сержанты Сабина Мұхтарқызы Рахымбек жайында жазайын. Сабина жоғарғы оқу орнын педагогикалық мамандықпен оқып бітіреді. Өмірде адамдардың көпшілігі әуелгі таңдаған жолыменен жүре бермейді. Ол 2021 жылы өзінің мамандығын таңдап қазан айында Бөлімге радиотелефонист лауазымына тәлімгерлікке алынады. Әдеп кодексімен танысып басқада министрліктің бұйрықтары мен нұсқаулықтарын оқиды. Ұжымдастарымен танысып, өзінің білімділігі мен жұмыс қабілетін басшы құрамға көрсете отырып үш ай дегенде тәлімгерлігін аяқтап алғашқы жұмыс күнін бастайды. Таңертеңгі кезекшілікті қабылдап, құжаттамаларын жүргізіп болдым дей бергенде көп күттірмей алғашқы өрт қоңырауы түседі.

Өрт сөндіру телефонға түскен қоңыраудан басталатыны белгілі. Дереу ақпаратты қабылдап, мекен-жай бойынша шешім қабылдап дер кезінде дабыл қағып қажетті автокөліктерді жөнелте отырып оның жұмысы енді ғана басталады. Автокөліктерге радиобайланыс құралымен қаланың жолдарының жағдайын біле отырып, өрттің мән жайын баяндайды. Тіршілікпен қамтамасыз ету қызметтері, ол дегеніміз су, газ, электр мамандарын өрт орнына жұмылдыру. Өрт орнымен басқада қызметтермен байланыс көпірі болу деген үлкен шыдам мен психологиялық дайындықты қажет етеді. Соның бәрін жоғары деңгейде орындап Сабина қазіргі таңда өз әріптестері мен туыстарының алдында абыройға ие болды.

Жігерлі жас маман Сабина Мұхтарқызының болашаққа деген өзінің жоспарының бірі ол осы қызметтің аға диспетчер лауазымына дейін көтерілу. Әр ортаға адам мінезімен ғана сиятынын ескерсек, бүгінгі күні Сабина біздің Бөлімге судай сіңіп кеткеніне екі жылдан асыпты. Әрі қарай қызымызға тек сәттілік тілейміз! Біздің ел әрқашан жастарды қолдайды емеспе. Еліміздің болашағы жастардың қолында!.

Шымкент қаласындағы №4 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары  азаматтық қорғау капитаны Ы.Сапарбаев