Кез келген қоғамда және мемлекетте сыбайлас жемқорлық әрекеттері бар. Қазіргі біздің қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Жемқорлық – қоғамның дамуын тежейтін фактор. Бұл қоғамдық дерттің алдын алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру өте маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана дегеніміз – бұл адамдардың жемқорлық әрекетті әлеуметтік зұлымдық деп қабылдауы. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңмен бекітілген. Соның аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген әр түрлі шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр.
Жастар –еліміздің болашағы. Қазіргі жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру өте маңызды. Ол үшін олардың бойында құқықтық сауаттылықты арттыру керек. Жемқорлыққа қарсы құқықтық санасы мен мәдениеті қалыптасқан адам оған жол бермейді.
Осы орайда Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығы «Шымкент — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе отырып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы енгізілген өзгертулермен, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында Қаратау ауданының белсенді жастарымен кездесу өтті.
Гүлбақыт Сейсенбекқызы Дулатова — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшылар пулының мүшесі — кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру,пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі айтылды.
Ntime.kz