Шымкенттік тәртіп сақшылар жалдамалы пәтерлерге рейд жүргізді

Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу және қару иелерін, ІІО-да есебінде тұратын тұлғаларды тексеріп, олармен профилактикалық рейд жұмыстары жүргізіліп отырады. Ағымдағы жылдың 19-25 наурыз аралығында учаскелік полиция инспекторлары Қаратау ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің жалдамалы пәтерлерін аралады. Шара барысында басқа қаладан келіп жалдамалы пәтерде тіркеусіз тұрып жатқан 204 азамат анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабымен (Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы) әкімшілік хаттама толтырлды. Сондай-ақ, пәтерді жалға беру жайтының заңдылығын тексеру мақсатында мәліметтер Шымкент қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданатын болады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі