Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес жүргізу үшін құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру, халықтың құқықтық сауатсыздығын жою қажет. Халық өз құқықтарын, оларға қарсы қандай да бір заңсыз іс-әрекеттер жасаған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керектігін толық білуі тиіс. Бүгінгі күннің басты мақсаты конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекет пен азаматтардың тыныс-тіршілігінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін және оның көріністерін азайту, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту болып табылады.
Шымкент-Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы енгізілген өзгертулермен, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Жұмабек Ташенов атындағы университет» қызметкерлерімен жиын өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшылар пулының мүшесі — Гүлбақыт Сейсенбекқызы Дулатова кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, қызметкерлерге студенттер тарапынан пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі жайлы айтып берді.
Сонымен қатар осы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы енгізілген өзгертулер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін түсіндіру мақсатында Шымкент «Alliance» сауда-өнеркәсіптік компаниясы тігін фабрикасы мамандарымен кездесу өтті.
Іс-шарада сөз сөйлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшылар пулының мүшесі Гүлбақыт Сейсенбекқызы Дулатова сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, жемқорлықтың алдын алу бойынша қызметкерлерге түсіндіріп өтті.