Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жылдың 1-ші қыркүйегінде «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын жеткізген болатын.Осыған орай қыркүйек айының 3-і күні Түркістан облысы Жетісай ауданы ПБ бастығы полиция полковнигі Ермахан Абдраманов бөлімнің жеке құрамына жедел кеңес өткізді. Кеңес отырысында Президент жолдауының негізгі 7 бағыты оқып таныстырылып, талқыланды. Сондай-ақ Президент жолдауындағы «Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау» атты 6-шы тармағына кеңінен тоқталды.Ауданның полиция басшысы Президент жолдауының 6-шы тармағына сәйкес құқық қорғау жүйесіндегі елеулі өзгерістер, учаскелік инспекторлардың мәртебесін арттыру, қылмысқа қарсы күрес бойынша профилактикалық іс-шараларды көбейту сынды мәселелерді айрықша атап өтті.Полиция полковнигі Е.Абдраманов жиынның аяқталар сәтінде Жетісай ауданы ПБ қызметкерлеріне Президент жолдауындағы тапсырмалардың басты назарда болуын қатаң ескертті.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі