Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың күре жолда қатынаған жолаушылар мен жүргізушілерге қолайлы орта қалыптастыру, сервистік қызмет көрсету нысандарын салу жөнінде жүктеген тапсырмасына сәйкес «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік транзитінің Көлқайнар ауылдық округі аумағына (10 гектар) «Мақтарал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құны 200 млн теңгеге жуық қаражатқа сервистік қызмет көрсету нысанының құрылысын жүргізуде.
Жамбыл ауданының әкімі Сакен Арубаев аталған нысанға арнайы барып, құрылыс жұмыстарын көрді. Серіктестік директоры Асылбек Шалатаевтың айтуынша, мұнда көлік дәлізіндегі жүргіншілерінге, аймақ жұртшылығы мен қонақтарына демалу, тынығу, қонақ үй, дәмхана қызметтері ұсынылады. Сондай-ақ көлік жуу, желімдеу, автотұрақ қарастырылған. Сервистік қызмет көрсету нысанының жер көлемі – 10 гектар. Бүгінде 30-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған ғимарат қараша айында қолданысқа берілмек.
(С) Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі