18 жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін заңсыз сатуды анықтау бойынша жүргізілген рейдтер

Ювеналды полиция қызметкерлері күн сайын білім беру мекемелерінің қабырғаларында кәмелетке толмағандарда электронды темекі, темекі өнімдерінің болуына рейдтер жүргізеді. Жасөспірімдерге темекі мен спирттік ішімдіктерді сатудың жолын кесу бойынша сауда кәсіпорындары да тексеріледі.

Жамбыл облысының Полиция департаменті 18 жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатуға, балаларды темекі өнімдерін сатып алу арқылы тұтыну процесіне тартуға, сондай-ақ оларға беруге тыйым салынатынын ескертеді.

Осы норманы бұзған ааматтарға  Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 133-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік туындайды және бір рет құқық бұзушылық жасағаны үшін 15-тен 100-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш және қайталап құқық бұзушылық жасағаны үшін 30-дан 200-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу көзделген.

ЖО ПД баспасөз қызметі