Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде, қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2066,1 шақырымы асфальт жол Ал қала меншігіндегі 1024 шақырым жол, яғни 31,5% пайызы шағал тас төселген көшелер.
Былтырғы жылдың қорытындысымен қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне жол құрылыс жұмыстар 287,8 шақырымға жүргізілді. Ал, биыл 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Ал, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 2022 жылы 67,4% пайызды құраса, биыл оны 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Жалпы, қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді. Биылғы жылы орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарлануда.