Қарабұлақта жол кеңейту жұмыстары жүруде

Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитов тапсырмасына сәйкес Қарабұлақ ауыл округіндегі облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек- Ақсу- Шаян-Мыңбұлақ-М32» тас жолында жол кеңейту жұмыстары жүруде.

Қарабұлақ — облыстағы халық ең көп шоғырланған ауылдардың бірі. Бұл өз кезегінде ауыл орталығында көлік қозғалысын қиындатты. Бұған, әрине, «қызыл сызықта» орналасқан нысандар да әсер етеді.

Бүгінде КХ-3 «Көксәйек- Ақсу- Шаян-Мыңбұлақ-М32» автомобиль жолы бойындағы Рустемов көшесінің қиылысындағы оңға бұрылыс (кармашка) жолын ашу жұмыстары жүргізілуде.

Қазір аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев, ауыл әкімі және ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы

жол жөндеу жұмстарының барысын қадағалауда. Сондай-ақ, әкім орынбасары Мадияр Оразалиев заңсыз салынған нысан иелерімен сейсенбі күні кездесетінін айтты. Бүгінде «қызыл сызықта» орналасқан және заңсыз салынған нысандарды анықтау жұмыстары қарқын алды.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі