«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын талқылау бойынша жиын өтті. Жиын барысында Жолдауда мемлекеттің мүддесі мен халықтың әлеуметтік жағдайын айқындайтын негізгі салаларға өте тиімді шаралар ұсынылғандығы сөз болып, ел дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуі осыларды іске асыруға байланысты екендігі айтылды. Биылғы Жолдаудың салаға ерекше серпін берген тұсы мәдениет қызметкерлері мен кітапханашылардың жалақысын 2022 жылдан бастап 2025 жылға дейін 20%-ға көбейтуі — бұл мемлекет басшысының мәдениет саласына айрықша мән беретіндігін, сондықтан алдағы уақытта мәдениетті және оның өкілдерін дәріптеуге бағытталған нақты шаралар жоспары ұсынылуы тиіс екендігі жеткізілді. Жиын соңында кәсіподақ мүшелері биылғы Жолдау жақсы жаңалықтардың жаршысы екендігі, осыған сәйкес мәдениет саласы қызметкерлерінің өз еңбектерін әрі қарай да нық сеніммен жалғастыруға күш беретіндігі жөнінде өз пікірлерін білдірді.
Шымкент қаласы кәсіподақ орталығы