Балалардың еңбегі

Күнделікті өмірде құрлыста, аттракционда, сауда орталықтарымен базарларда жұмыс жасап жүреген жасөспірімдерді кезіктіруге болады. Баланы ерте жастан еңбекқорлыққа тәрбиелеген әрине дұрыс. Бірақ балалардың құқықтары сақталып жатыр ма? Бізге ол беймәлім. Кез-келген ата-ана баласын жұмысқа жіберместен бұрын мынадай мәліметтерді білу керек. Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жасөспірімдер – аптасына 24 сағаттан аспайтын уақыт, ал он алтыдан он сегіз жасқа дейінгілер аптасына 36 сағаттан аспайтын мерзімде жұмыс істеуі керек (ҚР Еңбек кодексінің 69 бабы). Түнгі уақытта (22.00-ден 06.00-ге дейін),сонымен қатар ауыр жұмыс істеуге, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарды атқаруға, толық материалдық жауапкершілікті жүктеуге, вахталық әдіспен және қызмет уақытынан тыс мерзімде жұмыс істеуге тиым салынады. Егер медициналық қарсы көрсетілімдері болмаса заң жүзінде балаларды іс-сапарға жіберуге болады. Ал, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алуға жол берілмейді (ҚР Еңбек кодексінің 95 бабы).

Баланы жұмысқа орналастырғанда келісім-шарт жасалады. Кәмелет жасына толмаған тұлғамен бірге ол құжатқа ата-анасының біреуі (немесе қамқоршысы, асыраушысы) қол қоюы керек. Өйткені баланың жұмыс істеуі үшін олардың келісімі керек. Келісім-шартта барлық жұмыс шарттары, 2019 жылғы ең төменгі жалақы – 42 500 теңгеден кем болмауы тиіс, еңбекақы көлемі жазылады.

Балаңызды қандай да бір ұйымға жұмысқа орналастырмас бұрын ол туралы пікірлерді оқыңыз. Ұйым қанша уақыттан бері жұмыс істейді, ол туралы адамдар не дейді, осының бәрін тексеріңіз. Осылайша сіз алаяқтық пен жағымсыз жайлардың алдын аласыз.

Жұмысқа тұрғызғаны үшін сізден қандай да бір қаржылық жарналарды талап етпеу керектігін естен шығармаңыз. Өйткені бұл заңсыз. Жұмыс беруші баламен келісім-шарт жасасудан бас тарту жағдайынан да сақ болыңыз. Бұл – сізді алдап тұрғанының бір белгісі.

«111» бірыңғай байланыс нөміріне. Ол Қазақстандағы балалар құқын қорғау жөніндегі уәкілетті органның бастамасымен ашылды және балаларға құқықтық және психологиялық көмек көрсетеді. Желі демалыс және мереке күндері де тәулік бойы жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін.

Кәмелет жасына толмағандардың құқын бұзу фактілері, оларға зорлық-зомбылық, жәбір көрсетуге қатысты ақпараттарды сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалар құқын қорғау комитеті де қабылдайды. Олармен 8 (7172) 74-25-28 нөмірлі сенім телефоны арқылы немесе Telegram-дағы «BALA QORǴAÝ» чаты арқылы байланысуға болады. Құқық бұзушылыққа қатысты барлық фактілерді (ол бақшада, мектепте, көшеде, жұмыста болама бәрібір) құзырлы органдар тексереді.