Бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы басым міндеттерді іске асыру барысы туралы баяндады деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз орталығы.
2020 жылға Қазақстанда республикалық жолдардың 13 мың шақырымы қайта жаңартылды. Биылдан бастап 2025 жылға дейін республикалық желінің тағы 12 мың шақырымы салынып, реконструкцияланады.
Қазіргі заманғы республикалық автожолдар желісін дамыту
Биыл республикалық маңызы бар 3,6 мың шақырым жол салынып, қайта жаңартылуда. Оған 200 мың адам жұмылдырылды. 15 автожол жобасы іске асырылуда:
Талдықорған – Өскемен (768 км), Қарағанды-Балқаш (363 км), Балқаш – Бурылбайтал (288 км), Бурылбайтал – Күрті (228 км), Күрті – Қапшағай (67 км), Ақтөбе – Атырау (462 км), Атырау – Астрахань – (277 км), Қалбатау – Майқапшағай (415 км), Үшарал – Достық (184 км), Меркі – Бурылбайтал (262 км), Ұзынағаш – Отар (96 км), Қостанай – Денисовка (114 км), Шамалған айналма жолы (6 км), Петропавл – РФ шекарасы (67 км), Павлодар – Семей (10 км).
2021 жылдың қорытындысында 2 232 шақырым жолды пайдалануға беру және 1 210 шақырымында қозғалысты ашу жоспарланған.
2021 жылғы аса маңызды 5 автожол жобасы:
- Орталық Азияны Ресейдің Шығыс-Сібір өңірлерімен байланыстыратын Талдықорған – Өскемен (768 км) халықаралық транзиттік дәліз учаскесін қайта жаңартуды аяқтау. Бұл жол Алакөлдің туристік кластерін дамыту үшін үлкен маңызға ие.
- Нұр-Сұлтан қаласын өңірлермен «күн шұғыласы» қағидаты бойынша байланыстыратын 4 жолақты жүрдек автомагистраль құрылысын жалғастыру.
- Орталық-Оңтүстік дәлізінің Қарағанды-Балқаш бағытындағы учаскесін пайдалануға беру (363 км).
- Қандағаш – Мақат (327 км) учаскесіндегі құрылысты биыл аяқтап, Ақтөбе – Атырау – Астрахань автожолының бойында қозғалыс ашылады. Қайта құру басталғанға дейін, жолдың нашарлығына байланысты Ақтөбе қаласы мен Атырау, Ақтау қалалары арасындағы көлік қатынасы Орал қаласы арқылы өтіп, 500 шақырым қосымша жол жүруге мәжбүр еді. Бұл жолды 2022 жылы толық пайдалануға беру жоспарланған.
- Әлеуметтік маңызы жоғары және Орта Азия елдерінен транзитке әсер ететін Меркі-Бурылбайтал автожолында биыл негізгі жұмыстарды аяқтап, ашу жоспарлануда. Қазір көлік ағыны Алматы арқылы 250 шақырым артық жол жүруге мәжбүр.
Бейбіт Атамқұлов сондай-ақ, жыл соңына дейін ҚР ИИДМ жалпы ұзындығы 607 шақырым болатын 4 жаңа автожол жобасын іске асыруды бастайтынын атап өтті. Олар: «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңарту (427 км), Түркістан қаласының шығыс айналма жолының құрылысы (30 км), Шымкент қаласының оңтүстік-батыс айналма жолының құрылысы (48 км), Сарыағаш қаласының айналма жолының құрылысы (102 км).
1,1 мың шақырым автожол (күрделі – 485 км, орташа-663 км) күрделі және орташа жөнделеді.
Жергілікті автожолдар желісін дамыту
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен жылдардағы жұмыстар нәтижесінде жергілікті маңызы бар автожолдардың 53 мың шақырымы немесе 75% нормативтік жағдайға келтірілді. Биыл ол көрсеткіш 55 мың шақырымға немесе 78% жетеді.
Жергілікті желіні дамытуға 2021 жылы 119 млрд теңге бөлінді. 150 шақырым жол салынып, қайта жаңғыртылады. 1 150 шақырымы жөнделеді.
Министр өңірлер бойынша облыстық және аудандық жолдардың жағдайы біркелкі емес екенін атап өтті. Маңғыстау, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Түркістан облыстары әкімдіктерінің жолдар жағдайын жақсарту жөніндегі жақсы жұмысын атап өтті. Елдің батысында: Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында бұл көрсеткіштер төмен.
2025 жылға дейін жергілікті жолдың 15 мың шақырымын салынып, қайта жаңартылып, күрделі жөндеуден өткізіледі. 12 мың шақырымы орташа жөнделеді.
Жол бойындағы сервиспен қамтамасыз ету
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға дейін ҚР ИИДМ елдегі автожолдардың барлығын ұлттық стандартқа сәйкес келетін жол бойындағы сервиспен қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Республикалық жолдар бойында 1854 сервис объектісі жұмыс істейді. Оның 1070 (58%) стандарт талаптарына сай келеді. Жыл соңына дейін тағы 125 нысан салынады.
2025 жылға дейін жол бойы сервисінің кемінде 400 заманауи объектісі салынады. Және қазіргі жұмыс істеп тұрған барлық объектілер ұлттық стандарт нормаларына сәйкестендіріледі.