Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Онда қызының сағат 13:00 шамасында үйінен шығып, хабарсыз кеткенін көрсеткен. Бойжеткеннің ата-анасы өз бетінше екі күн бойы іздеген, алайда еш нәтиже шықпаған.
Содан соң полиция қызметкерлеріне арызданып, көмек сұраған. Полиция қызметкерлері бірден бойжеткен қызды іздеуге бағытталған шаралардың барлығын атқарды. Таныстарының, туыстарының үйлерін жіті бақылап, көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді.
Соның нәтижесінде 1 тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталып, 400 км. орналасқан Жетісай қаласынан даяшы болып жұмыс істеп жүрген жерінен табылды.
Өз кезегінде қызының дін аман табылғанына қуанған әкесі: «Полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Қызымызды аман-есен тауып алып келіп, қолымызға табыстады. Жұмыстары алға баса берсін,»- деп өз алғысын жеткізді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі