Шымкентте субсидияланатын жұмыс орындарына жыл басынан бері нақты 4 288 адам жолданған деп жазады Ntime.kz AA.
Жұмыссыздық зaмaнaуи қоғaм үшін кез келген aдaмғa әр жaқты әсер ететін әлеуметтік-экономикaлық мәселелердің бірі болып тaбылaды. Халықтың жұмыссыздығы кез келген мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі. Жұмыссыздық деңгейі кедейшілік деңгейін aрттырып қaнa қоймaйды, сонымен қaтaр психологиялық соққы болып есептеледі.
Аталған мәселелерге байланысты Шымкентте жылдың 1-тоқсанындағы қорытындысымен 12,2 мың адам қатысып, жоспар 22%-ға орындалды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Халықты жұмыспен қамту шараларына тарту және өтеусіз гранттар беру тәртібі туралы» өткен баспасөз конференциясында баяндалды.
Әлеуметтік саланың басты мақсаты – халықты тұрақты жұмыспен қамту арқылы әл-ауқатын арттыру. Қазір еңбек нарығында техникалық және кәсіптік сала мамандарына, атап айтқанда, дәнекерлеуші, электрик, құрылыс жұмыстарының шебері мен компьютер және аппараттық құралдардың операторы, көкөніс өсірушілерге сұраныс өте көп.
Нарықтағы сұраныс ескеріліп, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту шаралары да жүзеге асырылуда. Ұлттық жоба 10 міндетті көздейді. Оның 3-еуі халықты жұмыспен қамту үшін жәрдемдесуге бағытталған. Нақтырақ айтсақ, басты мақсат – азаматтардың өз ісін ашып, дамытуына жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту болып отыр.Бұл тек жұмыссыздарды азайтып қана қоймай, отандық өндірісті қолдауға да мүмкіндік береді. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталып отыр.
Кәсіптік оқыту курстарына 18 жастан зейнет жасына дейінгі Шымкент қаласының жұмыссыз азаматтары қатыса алады. Жобаға қатысу үшін жақын орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Не болмаса, Электронды еңбек биржасы немесе Электронды үкімет порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам және жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Субсидияланатын жұмыс орындарына 7 453 адамды қамту жоспарланып, жыл басынан бері нақты 4 288 адам жолданған.
Осы ретте ескерте кететін жәйт, қазіргі кезде барлық жұмыс берушілерге қолайлы, автоматтандырылған enbek.kz порталы бойынша азаматтарды жұмысқа қабылдау жүйесі жұмыс жасайды.