Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан икемді жұмыс кестесін құруға, еңбек заңнамасын қатаң сақтауға, оның ішінде жұмыс күні аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнындағы кідірісін, қызметкерлердің демалыс күндері жұмысқа шығу практикасын тоқтату мәселелері қатаң бақылауға алынған.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Көмекбаевтың төрағалығымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда Департамент пен Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы арасында түзілген өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында атқарылған және атқарылатын жұмыстар пысықталды.
Дөңгелек үстел барысында меморандум аясында құрылған жұмысшы топтың негізгі бағытын бұзушылықтардың профилактикасына, яғни лауазымды тұлғалар мен оларға бағынысты мемлекеттік қызметшілерге семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу арқылы заңнама талаптарын түсіндіре отырып, бұзушылықтарды болдырмау және алдын-алу мәселесіне аудару қажеттігі атап өтілді.
Бұл ретте, түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама және қызметтік әдеп нормалары бойынша нақты мысалдар келтіре отырып, түсіндірмелер беру қажеттігі белгіленді.
Департамент басшысы Ә.Көмекбаев атқарылып отырған шаралар бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауға бағытталғанын ерекше атап өтіп, кездесу қорытындысы бойынша жұмысшы топ мүшелеріне нақты нұсқамалар мен ұсынымдар берілді.
ҚР МҚІА Шымкент қаласы бойынша департаменті