Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қадамдық жоспары бойынша халықты әлеуметтік қорғау-әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар, жеңілдіктер және т.б. салалары бойынша іс-шаралар ұйымдастыруды тапсырды.
Аталған тапсырма бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (Бұдан әрі – Департамент) жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті көшпелі отырысы Шымкент қаласының Әділет департаментінде өткізілді.
Күн тәртібі, Шымкент қаласының əділет департаментімен «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызметін көрсету барысындағы туындаған мәселесі болды.
Аталған мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидасында көрсетілген талаптардың сақталуы, осы қағидаға өзгеріс енгізу бойынша уәкілетті мекемеге ұсыныс жолдануы, тәжірибеде орын алып жатқан кемшіліктер және қызмет алушыларға жағдай жасау туралы тақырыптар талқыланды.
Жиын қорытындысымен, мүдделі органмен ортақ мәмілеге келіп, жоғарыда аталған мәселелерді шешуге бағытталған тиісті ұсыныстар енгізілді.