Бүгін Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Балжан Алипбектің төрайымдылығымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде министрліктің жағымды имиджін қалыптастыру, азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында шешендік өнер мәселелері бойынша дәріс өткізілді.Аталған шараға Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасарлары мен құрылымдық бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, ауданаралық әділет басқармалары мен сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерінің басшылары және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Нурбай Досанов қатысты. Жиын барысында қатысушыларға жұртшылық алдында жария сөз сөйлеу тақырыбындағы баяндама оқылды.- «Қазақ халқы шешендік өнерді, оны иеленуші адамды ерекше құрмет тұтқан. Шешендіктің арнайы мектебі дегенді білмеген қазақ даласында «би» мен «шешен» атанудың жазылмаған өзіндік қағидалары мен ережелері болған. Көпшілік алдында сөз сөйлеу тек құрғақ білімді жатқа білу емес, оның ерекшелігі де сол кез келген ортаның ыңғайына қарай сөйлеушінің өзін ұстай алуы, ойын дұрыс жеткізе білуі десек айтылған шарттар пратиканы қажет етеді. Жалпы қызметкерлердің іскерлік қарым-қатынасы заңдылық, адалдық және тиімділік қағидаттары бойынша шарт талаптарына сәйкес өзара ашықтық және өзіне қабылдаған міндеттемелер үшін толық жауаптылық қағидаттары негізінде өзара әрекет жасап үндесуі қажет», — деді Нурбай ДосановҚорыта айтқанда, шешендік өнері адамның қоғамдық-саяси өміріне ықпалын тигізетін, әр адамның қоғамдағы әлеуметтік-мәдени статусын өзгертетін әрекеттік-күш, рухани-мәдени әлеует ретінде мойындалмақ.