Жанжал кесірі кісі өлтіруге оқталуға ұласты

Жәбірленуші

Оқиға түнгі клубтардың бірінде орын алып,  кінәлі адам мас күйінде жәбірленушіден темекі сұраған.

Жәбірленуші бас тартқан соң, оның өмірлік маңызды органдарына пышақпен көптеген дене жарақаттарын салған.

Соңғының денсаулығына ауыр зиян келтірілген. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды.

Сотталушы кінәсін мойындамағанына қарамастан, мемлекеттік айыптаушы сотта оның кінәсін толық дәлелдеді.

Құқық бұзушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура кез келген жанжалдың салдары тек әкімшілік жауапкершілікке ғана емес, қылмыстық жауапкершілікке де әкелетінін ескертеді.

Анықтама:

  • қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзуы бұзақылық санатына жатады және 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады;
  • қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу, ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы ортақ пайдаланылатын орындарды, мүлікті қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық санатына жатады және 30 тәулікке дейін қамауға алу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Астана қаласының прокуратурасы