Полицейлер көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады

тойота

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері бұрын жүргізуші құқығынан айырылып, қайта көлік құралын масаң күйде басқарған “Toyota Camry” маркалы автокөлігінің жүргізушісін ұстады.

Ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай жауаптан жалтармақ болған.

Тәртіп сақшылары автокөлікті тез арады қуып жетіп, тоқтатты. Жүргізушінің куәлігін тексеру барысында ішімдіктің иісі байқалып, күдік туғызған.

Медициналық сараптама қорытындысы оның “орта дәрежедегі” алкогольдік ішімдік ішкенін растады.

Сонымен қатар, аталған азаматтың 2023 жылы сәуір айында көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылғаны анықталды.

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жолданды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Жамбыл облысы ПД