Тұрмыстық зорлық-зомбылық — қоғамда жиі талқыға түсетін өзекті тақырыптардың бірі. Осы мәселеге қатысты Ішкі істер органдарының қызметкерлері түрлі профилактикалық жобалар ұйымдастырып, іс-шараларды қарқынды өткізіп келеді.
Осы ретте Түркістан қалалық полиция басқармасының ЖПҚ ӘЗЗҚ тобы инспекторы мен ЖПҚ УПИ қызметкерлері «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясы аясында рейдтік жұмыстарын жүргізді.
Рейд жұмыстары барысында шаһардағы сауда орталықтары, денсаулық сақтау орындарында отбасы, тұрмыстық қарым-қатынастар саласында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын-алу мақсатында арнайы жадынамалар таратылып, адамдар шоғырланатын орындарға плакаттар ілінді.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде бақылауға алынып, тиісті шаралар қабылданатын болады.
Мұндағы басты мақсат — отбасындағы ұрыс-керіс пен түрлі жанжалдарға жасөспірімдердің қарсы екендігін жеткізу.
«Нәзікжандылардың лайықты өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау, құқықтық сауаттылықтарын арттыру, бұл бағытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу де — осы акция аясында жүзеге асады. Өкінішке қарай, бүгінде әйелдерге қатысты зәбір көрсету әлемнің барлық аймағында таралған және кез келген қоғамда кездесетін жағдай болып отыр. Сол себепті аталған өзекті жайт туралы тек акция аясында ғана емес, күнделікті өмірде де айтылып, алдын алу керек.
Осы тұста тәртіп сақшылары отбасындағы жанжал салдарынан балалардың көп зардап шегетінін атап өтті. Сондай-ақ, оларға қатысты күш көрсету, кемсіту, ұрып-соғу жайттары бойынша заң жүзінде жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Айта өтетін ақпарат, республика көлемінде қолға алынған «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» іс-шарасы 10-желтоқсанға дейін жалғасады.