Жамбыл облысы ПД бастығы жыл басынан бері 550 азаматты қабылдады

Халықпен «кері байланыстың» тиімділігін арттыру мақсатында Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов апта сайын азаматтарды қабылдау жүргізеді. Бұл туралы ол фейсбук әлеуметтік желісінде xабарлады.

Ж. Сүлейменов жыл басынан бері барлығы 183 осындай қабылдау өткізіліп, 550 адам түрлі өтініш-арызымен жеке қабылдауында болғанын айтты. Сонымен қатар, барлық айтылған ұсыныстар мен шағымдар назардан тыс қалмай, әрбір өтініш заң шеңберінде жауапты тұлғалармен жан-жақты зерделенгенін, арыз иелеріне тиісті жауаптар берілгенін атап өтті.

Қабылдауға жазылу үшін 99-70-34, 99-70-31 нөмірлеріне қоңырау шалу керек немесе фейсбук әлеуметтік желісінде ПД бастығына тікелей жазуға болады.

ЖО ПД баспасөз қызметі