435 ерекше жанға 28 «Инватакси» қызмет көрсетеді

Инватакси

Көлік тірек-қимыл бұзылысы бар жандар үшін арнайы жабдықталған.

Қазір мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылған. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы баспасөз конференциясында айтып өтті.

Шымкент қаласында қазір 41 406 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде:

— бірінші топтағы мүгедекдігі бар адам – 4 526;

— екінші топтағы мүгедектігі бар адам– 15 421;

— үшінші топтағы мүгедектігі бар адам – 13 494;

— 18 жасқа дейінгі 7 965 мүгедектігі бар балалар тіркелген.

Басқарма тарапынан бұл ерекше жандардың төмендегі қажеттіліктері өтелді.

— протездік-ортопедиялық көмек құралдарға мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 6 520 өтініш қабылданып, 4 111құрал қамтылды;

— сурдотехникалық,тифлотехникалық, гигиеналық құралдарға 15 627  өтініш қабылданып, 14 048құралдармен қамтылды;

— мүгедектерге арналған қол арба құралдарына 1 031 өтініш қабылданып, 909құрал қамтылды;

— жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне  2 808 азамат мұқтаж болса 2 757 азаматқа қызмет көрсетілді; 

— 11 607 мүгедектігі баразаматтан шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға өтініштер қабылданып, 6 314азамат қамтылды;

— тірек-қимыл бұзылысы бар мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жабдықталған  28 «Инватакси» көлігіне 435 адамға қызмет көрсетіп жатыр.

Әлеуметтік портал мен ЭЦК-мен жұмыс жасау үшін мүгедектігі бар азаматтарға Басқарма ғиматарында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштамасы ұйымдастырылған және Басқарма қызметкерлерімен әрбір адамға жеке-жеке көмек берілуде.

Сонымен қатар арнаулы әлеуметтік қызметтер әлеуметтік салада психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті І-ІІ топтағы мүгедектер мен қарттарға стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету жағдайында мемлекеттік мекемелерге альтернатив ретінде үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Осы бағытта басқармаға қарасты 12 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары  бар. Бұл орталықтарда 1162 қызметкерлер ерекше жандарға қызмет көрсетеді.