Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйел кәмелетке толмаған қызының жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Анасының айтуынша, сол күні сағат 12:00-де 6 жасар қызының мектептен шығып үйіне қайта оралмағандығын жеткізген. Жоғалған қызды табу үшін қалалық полиция басқармасының өкілдері жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Оқушының жүрген жерін анықтау үшін оның сыртқы келбетін, киімін және фотосуретін сипаттайтын ақпараттар әлеуметтік желілерге жіберіліп, бейнебақылау камераларын тексерді.
Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жарты тәулік ішінде жоғалған қыз баласы бейнебақылау камерасы арқылы анықталды. Белгілі болғандай, жасөспірім қыз мектептен шығып, үйіне барар тұста алдынан шыққан иттен үрейленіп, бағытын өзгерткен. Содан өз жолынан адасып қалған. Тәртіп сақшылары қызды тауып, аман-есен ата-анасына табыстады. Өз кезегінде қызының аман табылғанына қуанған ата-анасы полицейлерге алғысын білдірді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі